Близость слов: Окончание:





Банктік қарыз шартын жасасу қағидаларын, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысы
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 19774 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.07.2021 жылғы № 86 Қаулысына сәйкес (29.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.07.2021 жылғы № 86 Қаулысына сәйкес (29.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартын жасасу қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қарызды өтеу кестесінің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынама нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Тәртіпке 1 және 2-қосымшаларды қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Тәртіпке 3-қосымша 2020 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.
1) тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылатындығы белгілене отырып, Тәртіптің 9-тармағы екінші абзацының қолданылуы:
«Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын шартқа Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушыға – жеке тұлғаға арналған жадынама қоса беріледі.»;
2) тоқтата тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылатындығы белгілене отырып, Тәртіптің 10-тармағының:
Полная версия
ИС BestProfi