Близость слов: Окончание:





Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 17.07.2025 жылғы № 213-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 19.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 15.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Кіріспе алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Кіріспе алынып тасталды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды және кеңінен танытуды қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерін халықаралық деңгейде кеңінен таныту;
4) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету.
2-1-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары
Осы Заң 2-1-баппен толықтырылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану үшін жағдайлар жасау;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және сақтау;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми тұрғыдан сүйемелдеуді қолдау;
4) ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттар үшін тарихи-мәдени мұра объектілерінің жалпыға бірдей қолжетімді болуы.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Полная версия
ИС BestProfi