1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостары, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79-құжат, 83; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20,152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23,114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат, № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар):
122-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын, босалқы жерлерге ауыстырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленбей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына қайтадан ауыстырылады.».
2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостары , 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын, босалқы жерлерге ауыстырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленбей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына қайтадан ауыстырылады.»;
2) 38-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көлік қызметтерін, оның ішінде салт ат мініп жүру қызметтерін ұсыну;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдаудың ықтимал құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларының болжамы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қабылданған жағдайда мынадай оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар болжанады:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласын құқықтық реттеудегі олқылықтар жойылады;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тұтастығы сақталады, бұл қайтарылған жер учаскелеріндегі табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін сақтауға мүмкіндік береді;
жылқыларды жалға беру қызметтерін көрсету нормасын енгізу табиғат қорғау мекемелерінің меншікті қаражатын ұлғайтуына мүмкіндік береді, бұл қаражат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді одан әрі дамытуға бағытталуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласын құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою мақсатында әзірленді.
Заң жобасында көзделген түзетулер бұрын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамынан шығарылған, пайдаланылмай жатқан не нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатының құрамына қайтаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар табиғат қорғау мекемелерінің туристерге жылқыларды жалға беру қызметтерін көрсетуден өзінің меншікті қаражатын қалыптастыру мүмкіндігі бөлігінде заңнамадағы олқылық жойылады.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарлардың туындауына әкеліп соқпайды және бюджеттен қосымша қаржы шығындарын шығаруды талап етпейді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
№ № |
Құрылым-дық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме |
|
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі |
||||
|
1. |
Жер кодексінің 122-бабы 2-тармағы-ның жаңа бесінші бөлігі |
122-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері ... 2. Epeкшe қорғалатын табиғи аумақтардың жерi мемлекет меншiгiнде болады және иеліктен шығаруға жатпайды. ... Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, жайғастыру және олардың жұмыс істеуі, қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.
Жоқ |
122-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері ... 2. Epeкшe қорғалатын табиғи аумақтардың жерi мемлекет меншiгiнде болады және иеліктен шығаруға жатпайды. ... Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, жайғастыру және олардың жұмыс істеуі, қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.
Бұл ретте пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын, босалқы жерлерге ауыстырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленбей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына қайтадан ауыстырылады. |
Босалқы жерлерге ауыстырылған және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ЕҚТА жерлерін қайтарып алу бойынша проблема орын алып отыр. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін босалқы жерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 808 қаулысымен Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 370 гектар жері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылған болатын. Алайда қазіргі таңда осы жердің бір бөлігі (50 га) пайдаланылмайды және осы аумақта орналасқан ормандар күзетілмейді. Сонымен қатар «Туризм объектісін салу және оның жұмыс істеуі үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін Алматы қаласының босалқы жерлеріне ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1267 қаулысымен Іле Алатауы МҰТП-ның жалпы ауданы 1002 га жері «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу үшін босалқы жерлерге ауыстырылды. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 29.10.2019 ж. «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» Хаттамалық тапсырмасында «Көкжайлау» ТШК-ны салудың орынсыз екені атап өтілді. Осыған байланысты «Көкжайлау» ТШК-ны салу үшін босалқы жерлерге ауыстырылған жерлерді Іле Алатауы МҰТП-ның құрамына қайтару қажет.
|
|
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
|
||||
|
2.
|
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңы-ның 23-бабы 2-тар-мағының жаңа үшінші бөлігі |
23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимі … 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, жайғастыру және олардың жұмыс істеуі, қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.
Жоқ |
23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимі … 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, жайғастыру және олардың жұмыс істеуі, қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.
Бұл ретте пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын, босалқы жерлерге ауыстырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленбей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына қайтадан ауыстырылады.
|
Босалқы жерлерге ауыстырылған және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ЕҚТА жерлерін қайтарып алу бойынша проблема орын алып отыр. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін босалқы жерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 808 қаулысымен Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 370 гектар жері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылды. Алайда қазіргі таңда осы жердің бір бөлігі (50 га) пайдаланылмайды және осы аумақта орналасқан ормандар күзетілмейді. Бұған қоса «Туризм объектісін салу және оның жұмыс істеуі үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін Алматы қаласының босалқы жерлеріне ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1267 қаулысымен Іле Алатауы МҰТП-ның жалпы ауданы 1002 га жері «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу үшін босалқы жерлерге ауыстырылды. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 29.10.2019 ж. «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» Хаттамалық тапсырмасында «Көкжайлау» ТШК-ны салудың орынсыз екені атап өтілді. Осыған байланысты «Көкжайлау» ТШК-ны салу үшін босалқы жерлерге ауыстырылған жерлерді Іле Алатауы МҰТП-ның құрамына қайтару қажет.
|
|
3. |
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңы-ның 38-бабы 1-тар-мағы 1) тармақшасының жетінші абзацы |
38-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты 1. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимiнiң түрлерiне байланысты олардың негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу: 1) жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендердi туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезiнде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның iшiнде: … көлік қызметтерін көрсету; |
38-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты 1. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимiнiң түрлерiне байланысты олардың негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу: 1) жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендердi туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезiнде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның iшiнде: … көлік қызметтерін, оның ішінде салт ат мініп жүру қызметтерін ұсыну;»;
|
Заңда табиғат қорғау мекемелері көрсетуге құқылы болатын ақылы қызмет түрлерінің тізбесі түбегейлі болып табылады. Осыған байланысты барынша сұранысқа ие қызмет түрлерінің бірі болып табылатын, туристерге жылқыларды жалға беру бойынша проблема орын алып отыр. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары

