Близость слов: Окончание:





«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шiлдедегi № 252 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шiлдедегi № 252 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 18 шілдеде жарияланған) бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.  
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы «____» _________
№ _____ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы «3» шілдеде
№ 252 бұйрығымен бекітілген
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары
1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу (бұдан әрі – жерді пайдалану мониторингі) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган – ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
4) жергілікті өзін-өзі басқару органдары – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
5) қоғамдық кеңестер – министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, сондай-ақ «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, байқаушы органдар;
8) уақытша жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген адамдар.
9) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің веб-порталы (бұдан әрі-веб-портал) – мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерден, жүйелі бақылау нәтижелерін, жер бетіндегі түсірулерді, зерттеулерді, түгендеулерді, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағаттық деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы мәліметтерді, деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған, автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
3. Шаруа немесе фермер қожалығын не Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жасалған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының нәтижелері бойынша жерді пайдалану, оның ішінде жеңімпаздың жерді пайдалану жөнінде қабылданған міндеттемелерді орындау мониторингі жүргізіледі:
1) жалдаудың алғашқы бес жылында жыл сайын;
2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын жүргізіледі.  
4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдалану:
1) егістікте – ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін жер учаскесін өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
2) шабындықтарда – жер учаскесінде пішен шабуды жүргізу, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуінің және жердің оттылығы бүлінуінің өзге де белгілерінің болмауы;
3) жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болуы не олардың саны жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан көп болуы және (немесе) азық дайындау мақсатында пішен шабудың болуы болып табылады.
5. Веб-порталда жерді пайдалану мониторингін жүргізу кезінде веб-портал қызметтерін мемлекеттік сатып алу және ақпараттандыру туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар сатып алады.
Бұл ретте, веб-порталдың жұмыс істеуін және оны Жерді қашықтықтан зондтаудың өзекті деректерімен, жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың деректерімен қамтамасыз етуді веб-портал қызметтерін жеткізуші жүзеге асырады.
2-тарау. Мониторингті ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
6. Мониторинг жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жасалған жерді жалдау шарттары негізінде, қоғамдық кеңестер, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы мониторингтелуі тиіс жер учаскелері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау және тиісті ұсынымдар мен қорытындыларды әзірлеу жолымен жүзеге асырады.
Мониторинг жүргізу кезінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін тұрақты негізде есепте алуды жүргізеді;  
2) жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 15 қаңтарына дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және келесі күнтізбелік жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және бекітеді;  
3) тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітілген Тізбені ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етеді және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына танысу үшін жолдайды.  
4) келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде мониторинг жүргізу процесіне қатысу үшін қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің тізімін қалыптастырады.
7. Тиісті күнтізбелік жылы Тізбені қалыптастыру кезінде, жалдау мерзімі аяқталған не Тізбені қалыптастыру сәтінде мерзімі аяқталуға бір жылдан аз уақыт қалған жер учаскелерін қоспағанда, өткен жылдың 1 желтоқсаны мен күнтізбелік жылдың 1 желтоқсаны аралығында берілген, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбесі қалыптастырылатын жер учаскелері қосылады.
8. Мониторингті жүзеге асыру үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органға;  
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға;  
3) жер учаскелерін жалға алушылардың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты тиісті растаушы құжаттарымен қоса алу үшін оларға сұранымдар жібереді.
Қажет болған жағдайда, қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды осындай жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді жинау үшін толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұранымдар жібереді.
9. Сұратылатын ақпаратты жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға беру мерзімі тиісті сұраным келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.  
10. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган алынған ақпаратты, сондай-ақ жалдау шартына сәйкес жер пайдаланушы беретін егістік алқаптардың пайдаланылуы туралы мәліметтерді жинақтағаннан және өңдегеннен кейін қоғамдық кеңестер, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен оларға талдау жүргізеді, олардың негізінде:
1) жерді пайдалану мониторингін жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде әр жер учаскесі бойынша қорытындылармен және ұсынымдармен бірге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есепті жасайды;  
2) жерді пайдалану мониторингін жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мониторинг нәтижелері туралы есепті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырады және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мәлімет үшін жолдайды.  
11. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган веб-порталда жерді пайдалану мониторингін жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалану жай-күйін анықтау үшін алынған жерді қашықтықтан зондтау деректерінің нәтижелерін:
1) аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жыл сайынғы жер балансының деректері);
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер пайдаланушының көпжылдық шөптердің егісін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және себу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің болуы туралы мәліметтер алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасының деректерімен;
3) жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы туралы мәліметтер алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасының деректерімен талқылайды.
Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің, жер теңгерімінің және жерді нақты пайдаланудың деректері арасында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган деректерді нақтылауға мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға сұрау жібереді.
12. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган веб-портал деректерін талдау нәтижелері бойынша құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, жер учаскесін пайдаланбау немесе пайдалану фактілерін нақтылауға жататын 5-қосымшаға сәйкес жер учаскелерінің тізбесін қалыптастырады.
13. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер учаскесін пайдаланбаудың немесе пайдаланудың анықталған фактілері бойынша мәліметтерді 6-қосымшаға сәйкес Кодекстің 147-бабының 2-2-тармағына сәйкес аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) жергілікті атқарушы органдарға (жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жібереді.
14. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, жер учаскесін пайдаланбауды не пайдалануды салыстырып тексеру және алдын ала растау нәтижелері бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган (адам) тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.
15. Жерді пайдалану мониторингі барысында жер учаскесін пайдаланбау не пайдалану фактісі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып анықталған жағдайда, пайдаланбау фактісі бастапқы анықталған кезден бастап қатарынан екі жыл ішінде мұндай жер учаскесі Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
Бұл кезеңдерге жер учаскесі еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдаланылуы мүмкін емес уақыт қосылмайды.
16. Қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін жерді пайдалану мониторингінің оң нәтижелері ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын не Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
17. Мониторинг қорытындысы бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тоқсанына кемінде бір рет осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес есепті қалыптастырады.
Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына 1-қосымша
Жер учаскелерін жалдау шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алу

р /с

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

(бар болса), тегі

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

Жер учаскесін жалдау шартының № және күні

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы


 

Оның ішінде :

Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталу күні

егістік

Оның ішінде

жайылым

шабындық


 


 

өзге

лері


 

суармалы

тәлімі


 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына 2-қосымша
Жасалған жер учаскелерін жалдау шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

р /с

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

Жер учаскесін жалдау шартының № және күні

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы


 

Оның ішінде :

жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталу күні

егістік

Оның ішінде

жайылым

шабындық


 


 

өзге

лері


 

суармалы

тәлімі


 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына 3-қосымша
Жер пайдаланушыларда ауыл шаруашылығы жануарлары басының бары туралы мәлімет _____ жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша




 

р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

(бар болса), тегі

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

Шартты мал басы есебіндегі, ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы саны

Оның ішінде:

Ірі қара мал

Шартты мал басына аудару коэфициенті

жылқылар

Шартты мал басына аудару коэффициенті

Қой, ешкі

Ш артты мал басына аудару коэффициенті

түйелер

Ш артты мал басына аудару коэффициенті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

 

 

 

 

 


 

 


 

 


 


 


 

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына 4-қосымша
Көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда және жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуі және егу жұмыстарын жүргізуі туралы және таза сүрі жердің бары жөніндегі мәлімет

р /с

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы , гектар

Оның ішінде егістік , гектар

егілген

таза сүрі жер

ауыл шаруашылығы дақылдары

көпжылдық шөптер

1

2

3

4

5

6

7


 


 


 


 


 


 


 

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына 5-қосымша
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, жер учаскесін пайдаланбау немесе пайдалану фактілерін нақтылауға жататын жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы , га


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына 6-қосымша
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, жер учаскесін пайдаланбаудың не пайдаланудың анықталған фактілері бойынша мәліметтер

р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы , га


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына 7-қосымша
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есеп

р /с

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

(бар болса), тегі

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесін жалдау шартының № және күні

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы , гектар

Оның ішінде егістік , гектар

Барлы

ғы

ауыл шаруашылығы дақылдары егілген

көпжылдық шөптер егілген

таза сүрі жер

мақсаты бойынша пайдаланылмай

тын ,

га

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Оның ішінде жайылым

Ауыл шаруашылығы жануарларының саны

Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы

Пайдаланылмай жатқан жайылымның алаңы, гектар

Мониторинг нәтижелері туралы қорытынды

Ұсыным

ірі қара мал

жылқы

қой, ешкі

түйе

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Полная версия
ИС BestProfi