Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19951 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 74 ерекшелікпен толықтырылсын:
«74 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының каржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы және 100, 103, 104, 111 және 123 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 625 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«625 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
001 Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
100 Қаржы нарығын реттеуді және дамытуды қамтамасыз ету
103 Әлеуметтанушылық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету
104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
111 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің күрделі шығыстары
Полная версия
ИС BestProfi