Близость слов: Окончание:





Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қаңтарда № 19897 болып тіркелді
Редакция 06.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.01.2022 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.12.2020 жылғы № 1214 Бұйрығына сәйкес (20.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.03.2021 жылғы № 268 Бұйрығына сәйкес (20.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
2-1) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларация нысаны (100.00 нысаны);
1-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 18.01.2022 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) осы бұйрыққа 2-2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
1-тармақ 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 18.01.2022 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.01-нысан);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.02-нысан);
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төлеуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі» салық есептілігін және «Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.01 - 101.02-нысандар)» салық есептілігін жасау қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.03-нысан);
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.04.2022 жылғы № 409 Бұйрығына сәйкес (18.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.04.2022 жылғы № 409 Бұйрығына сәйкес (18.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)  
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.04-нысан);
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (110.00-нысан);
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
11-1) осы бұйрыққа 11-1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларация нысаны (110.00-нысан);
1-тармақ 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 18.01.2022 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
11-2) осы бұйрыққа 11-2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары; 
1-тармақ 11-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 18.01.2022 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (150.00-нысан);
Полная версия
ИС BestProfi