Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 20054 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысаны; 
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 389 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 5 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
Орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
 2020 жылғы 18 ақпандағы
 № 162 бұйрығына
1-қосымша
 20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейінгі кезең үшін Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабы
Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы _____________
___________________________________________________________________________________________
банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________________________________

р/с

Жеке тұлға бойынша мәлімет

Банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарыздарының шарты

Есепті кезең үшін сыйақы сомасы

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Құжаттың күні

Құжаттың №

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу кестесі бойынша

Төлеу фактісі бойынша

сомасы (теңге)

күні

сомасы (теңге)

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9


 


 


 


 


 


 


 


 


 

_________________________________________________________________________________________
Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол 
болған кезде) (электрондық цифрлық қолтаңба)
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі _________________________
Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымының мекен-жайы _____
_________________________________________________________________________________________
Жеке тұлға Қазақстан Республикасында
 тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық
 тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны
 өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау
 туралы мемлекеттік кірістер органдары
 талабының нысанына қосымша
Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысаны мынадай деректерді қамтиды:
2-бағанда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4-бағанда – банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарыздары шартының күні;
5-бағанда – банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарыздары шартының нөмірі;
6-бағанда – ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу кестесі бойынша сыйақы төлеу сомасы, теңгемен;
7-бағанда – ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу кестесі бойынша сыйақыны төлеу күні;
8-бағанда – есепті кезең үшін іс жүзінде төленген сыйақы сомасы, теңгемен;
2. Талап банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы басшысының немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары
 – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
 2020 жылғы 18 ақпандағы
 № 162 бұйрығына
2-қосымша
Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары
1. Осы Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысанын жасау тәртібін айқындайды.
2. Талапты банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар – хабарламаларды кепілді жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша электрондық тәсілмен және басшының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырып;
2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар – өзі келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жасайды.
3. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Талапты жасау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Талап электрондық түрде «Microsoft Excel» не «Microsoft Access» форматында жасалады және ұсынылады.
4. Талап жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растайтын мәліметтерді толтыра отырып, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Мәліметтер әрбір қарыз бөлігінде жеке ұсынылады.
Полная версия
ИС BestProfi