Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 ақпанда № 20060 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 388 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14177 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
Орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 18 ақпаны
№ 161 бұйрығына
1-қосымша
20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейінгі кезең үшін
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабы
Білім беру ұйымның немесе дара кәсіпкердің атауы __________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Білім беру ұйымның немесе дара кәсіпкердің жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________

р / с

Жеке тұлға бойынша мәлімет

Білім беру қызметтерді көрсетуге арналған шарт

Білім беру қызметінің құны,

теңгемен

Білім беру қызметін алған

күні

Білім беру қызметінің төленген сомасы, теңгемен

Білім беру қызметінің төленген күні

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты

( ол болған кезде)

Құжаттың күні және нөмірі


 

Қызмет атауының коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 ________________________________________________________________________________________________
Білім беру ұйымы басшысының немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (электрондық цифрлық қолтаңба)
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), телефон нөмірі ___________________________________
Білім беру ұйымның мекен-жайы ___________________________________________________________________
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының
 аумағында жүргізген білім беруге
 жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы
 мемлекеттік кірістер органдары талабының
 нысанына қосымша
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысаны мынадай деректерді қамтиды:
2-бағанда – Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның немесе оның асырауындағы он сегiз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның заңды өкілінің жеке сәйкестендіру нөмірі;  
3-бағанда – Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның немесе оның асырауындағы он сегiз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);  
4-бағанда – білім беру қызметін көрсетуге арналған құжаттың (шарттың) күні және нөмірі;
5-бағанда – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім берудің мынадай деңгейлері бойынша білім беру қызметін көрсетуге арналған шартқа сәйкес қызмет атауының коды:
1) 001 – Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
2) 002 – Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша техникалық және кәсіптік білім;
3) 003 – Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша орта білімнен кейінгі, жоғары білім;
4) 004 – Салық кодексінің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білімнен кейінгі, жоғары білім;
6-бағанда – білім беру қызметін көрсетуге арналған шартқа сәйкес білім беру қызметінің құны, теңгемен;
7-бағанда – білім беру қызметін көрсетуге арналған шартқа сәйкес білім беру қызметін алған күні;
8-бағанда – білім беру қызметін алғаны үшін іс жүзінде төленген сомасы, теңгемен;
2. Талап білім беру ұйымы басшысының немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
Орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 18 ақпаны
№ 161 бұйрығына
2-қосымша
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары
 1. Осы Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарымен Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысанын жасау тәртібін айқындайды.
1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде  тұрғандар – хабарламаларды кепілді жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша электрондық тәсілмен және басшының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырып;
2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар – өзі келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жасайды.
3. Талап жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстарды растайтын мәліметтерді толтыра отырып, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Мәліметтер әрбір қызмет бөлігінде жеке ұсынылады.
4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Талапты жасау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Талап электрондық түрде «Microsoft Excel» не «Microsoft Access» форматында жасалады және ұсынылады.
Полная версия
ИС BestProfi