«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 08.04.2023
Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру cтандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № ҚР ДСМ-11/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 20069 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 8 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Биртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 20 ақпаны № ҚР ДСМ-11/2020 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт хирургиялық аурулар кезінде меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын, жалпы қағидаттары мен сипаттамаларын белгілейді.
3. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер және анықтамалар:
1) динамикалық байқау - халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
2) бейінді маман- жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
3) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
4) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;
Полная версия

