Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 наурызда № 20124 болып тіркелді 
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында:
26-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиторлық және дебиторлық берешек бойынша есептілікке:
бюджеттік кредиттер және олар бойынша сыйақылар;
бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін трансферттер;
бағалау және кепілдік міндеттемелері, алынған қарыздар бойынша қаржылық міндеттемелер жөніндегі берешек;
пайдаланылмаған демалыстар бойынша қызметкерлер алдындағы берешек;
1420 «Болашақ кезеңдердің шығыстары» шотында көрсетілген болашақ кезеңдердің шығыстары;
уақытша орналастырылған ақша бойынша кредиторлық берешек;
егер 5-ДБ-Б немесе 5-ДБ-Ө нысанында көрсетілген дебиторлық берешек танылғанда, бірмезгілде корреспонденциялау кезінде ол туындаған жағдайда 3130 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» және 4130 «Бюджет алдындағы ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шотында көрсетілген бюджетпен есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша берешек;
активтерді басқарудан түсетін кірістер бойынша берешек (инвестициялар объектісінің таза кірісі бөлігінің түсімдерінен, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерден, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне, мүлікті жалға беруден) сомалары қосылмайды.»;
«39. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының функционалдық немесе экономикалық сыныптамасының кодтары өзгерген жағдайда, бюджеттік есептілікте кредиторлық және дебиторлық берешек шығыстардың жаңа кодтары бойынша көрсетiледi.»;
«80. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есеп өзіне мынадай бөлімдерді (кіші бөлімдерді) қамтиды:
Полная версия
ИС BestProfi