Близость слов: Окончание:





Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 наурызда № 20164 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.07.2020 жылғы № 285 Бұйрығына сәйкес (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 14.07.2020 жылдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.01.2022 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (17.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2020 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (08.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.04.2020 жылдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.07.2020 жылғы № 285 Бұйрығына сәйкес (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 14.07.2020 жылдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.01.2022 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (17.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамына және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нурымбетов
Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
 2020 жылғы 25 наурыздағы
 № 109 бұйрығымен бекітілген
Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2020 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (25.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.07.2020 жылғы № 285 Бұйрығына сәйкес (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 14.07.2020 жылдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.01.2022 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (17.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
1. Төтенше жағдай кезеңінде келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету «Электрондық үкімет» веб-порталындағы (бұдан әрі – Портал) «Электрондық өтініш» сервисі (бұдан әрі – Сервис) арқылы осы Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес толтырылған, сондай-ақ интернет-ресурс арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 26.03.2020 жылғы бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2020 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (08.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.04.2020 жылдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
3) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;
4) жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
5) жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
Полная версия
ИС BestProfi