«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2021
Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысы
Осы Қаулы 3-тармағына сәйкес 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болды
Редакция 20.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен (келісу бойынша), орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады және ресми жариялануға тиіс.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2020 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (10.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.07.2020 жылғы № 448 Қаулысына сәйкес (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Премьер-МинистріА. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі
Осы Тәртіп өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.04.2020 жылғы № 191 Қаулысымен (20.03.2020 ж. редакцияны қараңыз) Осы Тәртіп жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.10.2020 жылғы № 667 Қаулысына сәйкес (16.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (бұдан әрі – тәртіп) «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және дағдарыс жағдайлары кезеңінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібін айқындайды.
Осы тәртіпте реттелмеген өзге қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
2. Осы тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және өзге де қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Арнайы тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу дағдарыс жағдайлары кезеңінде:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) айқындаған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде мемлекеттік материалдық резерв тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сатып алу;
2) Комиссия айқындаған әлеуетті өнім берушілерден, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті орган ұсынған мәліметтер негізінде отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу жағдайларында жүзеге асырылады.
4. Осы тәртіптің 3-бөлімінде көзделген мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, арнайы тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жоспарлау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу саны бойынша шектеулерді көздейтін талаптары осы тәртіпте көзделген сатып алуға қолданылмайды.
Осы тәртіп аясында 2021 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарын қолдануға жол берілмейді.
Полная версия