БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 1370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 желтоқсанда № 19722 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 "Салықтық түсімдер" санатында:
01 "Табыс салығы" сыныбында:
1 "Корпоративтік табыс салығы" кіші сыныбында:
10 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы";
мынадай мазмұндағы 11- ерекшелікпен толықтырылсын:
"11 Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы";
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
03 "Ағымдағы трансферттер" сыныбында:
330 "Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн ағымдағы трансферттер" кіші сыныбында:
337 "Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер" ерекшелігі алып тасталсын:
6 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" санатында:
08 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" сыныбында:
810 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" кіші сыныбында:
811 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" ерекшелігі алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 812, 813, 814 және 815-ерекшеліктермен толықтырылсын:
"812 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
813 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
814 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
815 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
330 "Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн ағымдағы трансферттер" кіші сыныбы бойынша:
337 "Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер" ерекшелігі анықтамасымен алып тасталсын;
810 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" кіші сыныбы мынадай редакцияда жазылсын:
"
|
810 |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау |
|||
|
|
812 |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау |
|
|
|
813 |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау |
|
|
|
814 |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау |
|
|
|
815 |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау |
|
|
|
". |
|||
2. "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
1 "Салықтық түсімдер" санатында:
01 "Табыс салығы" сыныбында:
1 "Корпоративтік табыс салығы" кіші сыныбында:
10-ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:
"
|
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен - заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы |
1 |
01 |
1 |
10 |
100 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
"; |
|||||||||||
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
|
Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы |
1 |
01 |
1 |
11 |
|
Облыстық мәслихат белгілеген бөлу нормативтері бойынша |
100 |
Облыстық мәслихат белгілеген бөлу нормативтері бойынша |
|
|
|
|
|
|
". |
|||||||||||
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 1370 бұйрығына қосымша

