«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №146 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2020
Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20275 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.05.2020 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес
Редакция 14.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес (02.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттарды беруді тоқтатсын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттар беруді Қағидаларға сәйкес жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті фитосанитариялық және (немесе) ветеринариялық сертификаттары (тауарлардың бақылануына қарай) болған жағдайда ғана осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асырсын.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес (02.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды үшінші елдерге шығаруға тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 103 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20157 болып тіркелген, 2022 жылғы 22 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
9. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қыркүйекте қолданысын тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Полная версия