«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдама жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы.
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген 2.10. бастамамен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының (бұдан әрі – СДЖ 2025) шеңберінде инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру үшін кедергілерді жою, «Технологиялық жаңарту және цифрландыру» реформасы жөніндегі міндеттер шеңберінде көзделген жаңа технологияларды дамыту үшін заңнамалық жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі бастама бекітілді.
Аталған бастама негізінде неғұрлым қолданылатын технологияларды пайдалануды стандарттау және зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету сияқты болашақ технологияларын дамытуды және экономиканы цифрландыруды ынталандыруға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер қабылданатын болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Президенті жалпы ұлттық инновациялық және ғылыми-техникалық даму жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырғанын атап өткен жөн (2019 жылғы 23 тамыздағы №19-01-7.30 кеңес хаттамасының 3 тармағы (8к.т), Елдің индустриялық-инновациялық дамуы), сондай-ақ заңнаманы іс жүзінде іске асыру және венчурлік қаржыландыруды одан әрі дамыту, оның ішінде заңнаманы жетілдіру жолымен (2020 жылғы 24 қаңтардағы №20-01-7.2 кеңес хаттамасының 8-тармағы, Елдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер туралы).
Ағымдағы жылғы 4 наурызда өткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу тапсырылды:
- мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда басым тәртіппен бәсекеге қабілетті қазақстандық IT-әзірлемелерді сатып алу;
- цифрландыру саласындағы жобаларды келісу кезінде бюджеттік рәсімдерді оңайлату;
- инвесторлардың тәуекелдерін барынша азайтуды ескере отырып, венчурлік қаржыландыруды ынталандыру және венчурлік инвестициялардың кепілдіктерін ұсыну;
- ІТ жобаларды венчурлік қаржыландыру кезінде «қателесу құқығын» бекіту (2020 жылғы 4 наурыздағы №20-01-7.7 хаттаманың 2-тармағының 9) тармақшасы).
Сондай-ақ, осы отырыста Қазақстан Республикасының Президенті 4.0 Индустрия элементтерін дамыту, оның ішінде «Модельдік цифрлық фабрикалар» жобасын кеңейту, жасанды интеллект, интернет заттарын және басқа да ІТ-технологияларын пайдалану жөніндегі реттеуші және ынталандырушы шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды (Хаттаманың 2-тармағының 7) тармақшасы);
Осыған байланысты, СДЖ 2025 іске асыруда, сондай-ақ Мемлекет басшысының жоғарыда көрсетілген тапсырмаларын орындау үшін қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізілді, қолданыстағы тетіктердің жеткіліксіз тиімділігінің себептері айқындалды, заң қабылдаудың болжамды салдарлары зерделенді және талданды, сондай-ақ халықаралық тәжірибе зерделенді.
Қазіргі уақытта инновация саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа қарамастан, Қазақстан кәсіпорындарының қызметі әлі де сипатталады:
– өңдеу өнеркәсібіндегі жеткілікті орташа еңбек өнімділігі - 35,3 мың АҚШ долл./адам (2018 ж.), бұл ЭЫДҰ елдеріне қарағанда орта есеппен 2 есе аз;
- ҚР өңдеу өнеркәсібіндегі жоғары технологиялық салалардың төмен үлесі;
- кәсіпорындардың салыстырмалы төмен инновациялық белсенділігі-10,6%.
Полная версия

