Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 338 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20240 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес 
1. «Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19327 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ҮИЖ мемлекеттік кірістер органдарында ҮИЖ пайдалану орны бойынша тіркелуге жатады.
7. Пайдаланушы ҮИЖ мемлекеттік кірістер органдарына тіркеу үшін қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
8. ҮИЖ тіркеу кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы осы тараудың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
1) өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
2) ҮИЖ-дің ҮИЖ бірыңғай тізілімге енгізілген модельдеріне сәйкестігін тексереді;
3) ҮИЖ деректерін тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы моделінің бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген модельдерімен сәйкестігін тексереді;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ҮИЖ тіркеу карточкасын ресімдейді.
9. ҮИЖ пайдаланушылары осы бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарға сәйкес есепке алуды жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ:
жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларымен бекітуді және барлық операциялар мен оқиғалардың жазбаларында көрсетуді;
операциялар мен оқиғаларды хронологиялық және уақтылы тіркеуді қамтамасыз етеді.»;
Полная версия
ИС BestProfi