«Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу тәртібінің 11-тармағына, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 6 хаттамасының 1.3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2021
Медициналық маскалардың шекті бағасын енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/2020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20334 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.04.2021 жылғы № ҚР ДСМ-29, ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2021 жылғы № 275-НҚ және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 13.04.2021 жылғы № 7 бірлескен Бұйрығы мен Қаулысына сәйкес
Редакция 16.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Бір реттік пайдаланылатын үш қабатты медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы бір бірлік үшін 60 теңге мөлшерінде бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.07.2020 жылғы № ҚР ДСМ-84/2020, ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 14.07.2020 жылғы № 146-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.07.2020 жылғы № 55 Бірлескен бұйрығына сәйкес (06.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-132/2020, ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 227-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2020 жылғы № 80 Бірлескен бұйрығына сәйкес (14.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, сауда және интеграция, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі__________Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі__________Р. Даленов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі__________Е. Биртанов
Полная версия