Близость слов: Окончание:





Халықты мемлекеттік медициналық қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 182 қаулысы
Редакция 12.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 19-тарауын қолдану кезінде 13-тармақтың, 20-тармақтың 4), 10) тармақшаларының, 21-тармақтың 5) тармақшасының қолданылуы Қазақстан Республикасында төтенше жағдай қолданылатын кезеңге тоқтатыла тұрсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 731 Қаулысымен (07.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі
 № 182 қаулысына
1-қосымша
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының
 күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін
 қалыптастыру және пайдалану қағидаларына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 731 Қаулысымен (07.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік медициналық
 сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға
 арналған резервін қалыптастыру және
 пайдалану қағидаларына
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 731 Қаулысымен (07.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi