Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20278 болып тіркелді
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.06.2025 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидалары бекітілсін.
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 343 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 1-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 101) тармақшасына сәйкес әзірленді және:
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.06.2025 жылғы № 289 Бұйрығымен (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсы ретінде Интернет желісінде «www.kgd.gov.kz» мекенжайы бойынша орналасқан электрондық ақпараттық ресурс (бұдан әрі – интернет-ресурс) түсініледі.
4. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін (бұдан әрі – Әкімшілер тізімі) интернет-ресурста орналастыруды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
5. Әкімшілер тізімі әкімші қызметін бастағаны және (немесе) тоқтатқаны туралы хабарламаны Комитетке ұсынған және (немесе) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімінен хабарламасы алып тасталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жаңартылады.
Тағайындау туралы бұйрық екі данада жасалады және Комитеттің аумақтық органының басшысы, не болмаса оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды, сондай-ақ мөрмен расталады.
8. Бұйрықтың бір данасы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға бұйрықтың екінші данасына алғаны жөнінде қол қойдырып қолма-қол беріледі, бұйрықтың екінші данасы Комитеттің аумақтық органында сақталады.
9. Заңның 12-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған кезде Комитеттің аумақтық органы анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлардың алғашқы жиналысына және кредиторлар жиналысына оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не Заңның 12-бабы 8-тармағының 3) тармақшасы негізінде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының хабарламасын алып тасталғандығы туралы хабарламаны жіберуге міндетті.
10. Комитеттің аумақтық органы ұсынылған кандидатураны тағайындаудан бас тартқан кезде кредиторлар жиналысы уәжді бас тартуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Заңның 69-бабы 2-тармағының жетінші бөлігіне және 93-бабы 4-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатураны ұсынуға міндетті.
14. Осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетілу туралы бұйрық қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органы ол туралы кредиторлар жиналысын хабардар етеді.
15. Кредиторлар жиналысы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің аумақтық органына оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының кандидатурасын білдіреді.
16. Оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны тағайындау туралы Комитеттің аумақтық органы бұйрығының күші жойылуға жатады.
Оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны тағайындаудың күші жойылуы туралы бұйрық шығарады және оны қабылданған күні интернет-ресурсқа орналастырады.
17. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттаманы, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды:
борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған және кредиторлар жиналысы мүлікті басқару жөніндегі өкілеттіктерді оңалтуды басқарушыға жүктеу туралы шешімін өзгерткен жағдайда – борышкерге шеттету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы шеттетілген жағдайда – жаңа тағайындалған оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында
әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар
адамдардың тізімін орналастыру,
оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды
тағайындау мен шеттету қағидаларына қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі № 343 бұйрығына
2-қосымша
1. «Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9478 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған) бұйрығы.
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтары тізбесінің 10-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған).
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14768 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде 2017 жылғы 17 ақпанда жарияланған).
4. «Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 1067 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17935 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған).