Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 20367 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
121 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
034 «Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен» бюджеттік кіші бағдарламасын алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
694 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
100 «Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 «Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Премьер Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
100 Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 004 және 016 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 205 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:
«205 Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жарақтандыру
Полная версия
ИС BestProfi