БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 сәуірде № 20379 болып тіркелді
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1119 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы К. Ускенбаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 194 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығымен бекітілген
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Полная версия