Близость слов: Окончание:





Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20323 болып тіркелді
Редакция 03.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 жылғы № 175 Бұйрығымен (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 жылғы № 4 Бұйрығымен (01.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 24.09.2024 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлердiң өмірлiк циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдармен жұмыс iстеуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Радиоактивтi заттармен, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтерді көрсетуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргiзілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметке арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев
Полная версия
ИС BestProfi