Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 225 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес
Редакция 02.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 225 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
«1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 – 2020 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – АНК) қаржыландыруының жалпы көлемі – 1 трлн. теңгеге дейін.
2. ЕДБ-ға және АНК-ге қаражат беру шарттары:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі меншікті қаражаты мен өз басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемелері бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 1 трлн. теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.
ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.
Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды сатып алудың ең жоғары лимиті 70 млрд. теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.
АНК облигацияларын сатып алу лимит ескерілмей жүзеге асырылады.
ЕДБ-ның және АНК-нің тартылған қаражаты мен меншікті қаражаты:
1) 200 млрд. теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу;
2) 500 млрд. теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру;
Полная версия