Близость слов: Окончание:





Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20474 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (26.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (26.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес шетел валютасымен биржадан тыс операциялар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес банктің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес өзге сыныпталатын активтер мен ірі дебиторлар туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшамен операциялар туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі және сыйақы мөлшерлемелері бойынша есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі және сыйақы мөлшерлемелері (оның ішінде сыйақының ең жоғары мөлшерлемелері) бойынша есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есептің нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi