Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму минисрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ____ жылғы ___________ № ___ бұйрығымен бекітілген
«Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 5 тармақшасына және Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет қағидаларының тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесін» білдіретін ақпараттық жүйе;
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Полная версия

