Близость слов: Окончание:





«Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 мамырда № 20591 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 30 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармағының үшінші-он алтыншы абзацтары осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2020 жылғы 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 
«Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының қолданысы акциялары және жарғылық капиталындағы үлестері тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне таралмайды.»;
«1) БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;
2) өтініш берген күніне дейін дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ БЖТ төлеушілерге;
3) төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;
4) еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдарға;
5) егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға;
6) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға;
7) толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға тағайындалмайды.
Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған, аудандық (қалалық) штабтың оң қорытындысы бар адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау үшін осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларының қолданысы таралмайды. БЖТ төлеушілер үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілін айқындаған кезде бірыңғай жиынтық төлем төлеу кезеңдері ескеріледі.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте өтініш беруші әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәсілдермен осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жоюға өтінім беру арқылы кері қайтарады.»;
10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1. Өтініште төлемдер жүргізу үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер болмаған жағдайда осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар төтенше жағдай мерзімі аяқталған немесе тоқтатылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәсілдер арқылы жетіспейтін мәліметтерді ұсынады.
Полная версия
ИС BestProfi