Близость слов: Окончание:





«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды(құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу»мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 мамырда № 20610 болып тіркелді
Редакция 20.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.06.2025 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес (04.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызметтерді ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 4 мамыры № 27
бұйрығымен бекітілген
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері
1. Осы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері (бұдан әрі - Ережелер) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтің көрсетілетін тәртібін айқындайды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (04.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1 және 2 – қосымшаларға сәйкес нысан бойынша «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі-Тізбе) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш береді: www.egov.kz (бұдан әрі-портал) немесе ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (04.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 26.04.2021 жылғы № 326 Бұйрығымен (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (13.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты не көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттамалары сервисінен электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі көрсетілген мәліметтермен тексереді (сәйкестендіру үшін).
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (04.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.07.2021 жылғы № 590 Бұйрығына сәйкес (26.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 жылғы № 795 Бұйрығына сәйкес (31.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (13.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 30.06.2025 жылғы № 355 Бұйрығымен (04.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құқық белгілейтін құжатта көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжай мәліметтері жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде қамтылған мекенжай мәліметтерімен сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мекенжайдың тіркеу коды бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылайды.
Полная версия
ИС BestProfi