БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 475 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20623 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
209 «Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 110 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«110 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары»;
269 «Облыстың дін істері басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 042 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«042 Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтерге берілетін субвенциялар есебінен»;
06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
9 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
124 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
088 «Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне кредит беру» бюджеттік бағдарламасын 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» және 034 «Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен» бюджеттік кіші бағдарларымен алып тасталсын;
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
Полная версия

