1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 123-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы № 324-VI Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 80-1-тараудың және 712-1-баптың тақырыптарымен толықтырылсын:
«80-1-тарау. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде заңнама нормаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету
712-1-бап. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде заңнама нормаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету»;
2) 24-баптың бірінші бөлігінің 19) тармақшасындағы «беруге міндетті;» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті органның және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген банк шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес мәліметтерді және (немесе) құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
3) 425-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «2)» деген цифр «1-1), 2)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша міндеттеме туындаған жылдан кейінгі жылдың екінші айының 25 күнінен кешіктірмей – есепті салықтық кезеңнің екінші және үшінші тоқсандары үшін бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы;»;
4) 553-баптың 4-тармағы кестесінің 4.4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
4.4. |
халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзеге асыратын ершікті тартқыштарды қоспағанда N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштар): |
|
»;
5) 554-бапта:
4-тармақтың кестесінде:
1.51.1, 1.52 және 1.53-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
1.51.1. |
екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары |
800 |
»;
«
|
1.52. |
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру жөніндегі операциялары |
800 |
»;
«
|
1.53. |
Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары жүзеге асыратын өзге де операциялар |
800 |
»;
мынадай мазмұндағы 1.53.1-жолмен толықтырылсын:
«
|
1.53.1. |
Микроқаржы лық қызмет |
30 |
»;
8-тармақ кестесінің 6-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
6. |
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім |
25 |
»;
6) мынадай мазмұндағы 80-1-тараумен және 712-1-баппен толықтырылсын:
«80-1-тарау. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде заңнама нормаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету
712-1-бап. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде заңнама нормаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес жасалатын Инвестициялар туралы келісім шеңберінде осы Кодекстің жекелеген нормаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету және көрсетілген Инвестициялар туралы келісімде айқындалған тәртіппен ерекше шарттар, талаптар мен нормалар беру жүзеге асырылады.».
2. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-III, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 123-құжат):
1) 33-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бес жүз қырық сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«51) квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмайтын және телевизиялық бағдарламаларды жасау және трансляциялау жөніндегі қызметпен және (немесе) радио хабарларды таратумен және (немесе) газеттер шығарумен және (немесе) журналдар мен мерзімді жарияланымдар шығарумен айналысатын салық төлеуші қызметкерінің кірістері.»;
2) мынадай мазмұндағы 57-5, 57-6 және 57-7-баптармен толықтырылсын:
«57-5-бап. Салық төлеуші-жеке тұлға 2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдарына салынатын салық бойынша түзілген бересі сомасын 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін төлеген жағдайда, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, осындай бересі сомасына оны төлеген күнге дейін есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін. Бұл ретте өсімпұл бюджетке салықтың бересі төленген түрі бойынша есептен шығарылады.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын адамдарға, осындай тұлғалардың салықтық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асыруға байланысты емес жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
57-6-бап. 2020 жылғы 1 маусымнан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге:
1) Салық кодексінің 434-бабының мақсаттары үшін оңайлатылған тәртіппен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару мөлшері 2020 жылғы бірінші, екінші және үшінші тоқсан кезеңінде Ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілер тізбесіне Салық кодексінің 130-бабының 3-тармағына сәйкес енгізілген тау-кен өндіруші (көмірсутегін өндіруді жүзеге асыратындарды қоспағанда), тау-кен металлургия және металлургия кәсіпорындары үшін 80 пайызға дейін құрайды;
2) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің 2020 жылға іс жүзінде есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын есептелген аванстық төлемдер сомасынан 33%-дан аспайтын мөлшерде асыруға құқығы бар;
3) ұшақтарға қосалқы бөлшектердің импорты (қозғалтқыштар, күш қондырғылары, жылу алмастырғыштар, радиобиіктік өлшегіштер, радарлар, датчиктер, қаптамалар) қосылған құн салығынан босатылады;
4) әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын салық төлеушілер роялти, техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту, ақпарат ұсыну және өңдеу, интернет-ресурсқа қолжетімділік беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша бейрезидент үшін қосылған құн салығынан босатылады;
5) әуеайлақтарда ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне «0» коэффициент қолданылады деп белгіленсін.
57-7-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің 666-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 7-тармағын, сондай-ақ Салық кодексінің 667-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын, 3-тармағын қолдану мақсаттары үшін:
2019 жылға бейрезиденттердің резиденттігі сертификаттарын заңдастыруды (апостилдеуді) қоса алғанда, ресімдеу 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады;
салық агентінің 2019 жылға бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмелерін өзі тұрған жердегі салық органына ұсыну мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға ауыстырылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігінде төтенше жағдай қолданылған кезеңде салық төлеушілер бастапқы құжаттардың көшірмелері (сканерленген көшірмелер) негізінде салықтық есепке алуды жүргізуге құқылы, бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігінде төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған айдан кейінгі жеті ай ішінде түпнұсқа бастапқы құжаттар ресімделуі шарт. Бұған қоса Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігінде төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған айдан кейінгі жеті айлық кезең аяқталғанға дейін мұндай бастапқы құжаттардың көшірмелері төтенше жағдай қолданылған салықтық кезеңдерде тексерулер және бақылаудың өзге де әдістерін жүргізу кезінде түпнұсқалар ретінде танылады;
3) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігінде төтенше жағдай қолданылған кезеңде бастапқы құжаттардың көшірмелері (сканерленген көшірмелер) есептік құжаттама ретінде танылады, бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігінде төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған айдан кейінгі жеті ай ішінде бастапқы құжаттардың түпнұсқалары ресімделуі шарт.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын;
2) 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші – тоғызыншы абзацтарын;
3) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы 2020 жылғы 1 қазанға дейін қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы 2021 жылғы 26 ақпанға дейін қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы төртінші абзацының ережесі Ұлттық инфрақұрылым операторына қоладанылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі)» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылданатын Қазақстан Республикасы Заңының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарларының болжамдары
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі)» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы іскерлік белсенділікті ынталандыруға, халықтың жұмыспен қамтылуын және табысын қамтамасыз етуге бағытталған 2020 жылға арналған экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру мақсатында әзірленді.
Ұсынылған түзетулерді қабылдау салық төлеушілердің айналым қаражатын босатуға, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және экономикалық өсуді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Заң жобасын іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары А.П. Рау О. Н. Өксікбаев А. М. Жамалов Г.А. Щегельский
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі)» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына түсіндірме жазба
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі іскерлік белсенділікті ынталандыруға, халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын қамтамасыз етуге бағытталған 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар қабылдады.
Кешенді жоспар экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыруға, сервистік экономиканы қалпына келтіруге, нақты секторды тұрақты дамытуға, инвестицияларды таргеттеп тартуға, инфрақұрылым мен тұрғын үйді белсенді салуға бағытталған іс-шараларды орындауды көздейді.
Кешенді жоспарды іске асыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заң) түзетулер енгізілетін заң жобасы әзірленді
Заң жобасында екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салықтық әкімшілендіру мақсатында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның міндеттеріне уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған бірлескен нормативтік құқықтық актілерде көзделген мәліметтерді ұсыну бойынша Салық кодексіне түзетулер көзделген.
Сондай-ақ, заң жобасында Ұлттық инфрақұрылым операторы үшін қосымша құн салығын төлеу мерзімін 2020 жылдың 2 және 3-тоқсандары үшін 2021 жылдың 25 ақпанына ауыстыру бойынша, сондай-ақ жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын ершікті тартқыштарды бастапқы тіркеу үшін алымды алып тастау бойынша түзетулер қарастырылған.
Сонымен қатар, заң жобасында өсімақы сомасын есептен шығару бойынша жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңға түзетулер енгізу қамтылған; ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілер тізбесіне енгізілген тау-кен өндіру (көмірсутегін өндіруді жүзеге асыратындарды қоспағанда), тау-кен металлургия және металлургия кәсіпорындары үшін 2020 жылдың бірінші, екінші және үшінші тоқсандары кезеңінде салықтық тексеру жүргізбей оңайлатылған тәртіппен қайтарылуы мүмкін қосылған құн салығының асып кету сомасының 70%-дан 80%-ға дейін ұлғаюы; ұшақтарға қосалқы бөлшектер импортын қосылған құн салығын салудан босату; әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын салық төлеушілерді роялти, бағдарламалық қамтамасыз етуге техникалық қызмет көрсету және жаңарту, ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет-ресурсқа қол жеткізу жөніндегі қызметтер бойынша резидент емес үшін қосылған құн салығынан босату; аэродромдардағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді төлеуден босату көзделген.
Заң жобасы сондай-ақ салық агентінің 2019 жылғы резидент еместің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін өзінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына ресімдеу және ұсыну мерзімін 2020 жылғы 31 желтоқсанға ауыстыру мүмкіндігін белгілеуді, сондай-ақ бастапқы құжаттардың түпнұсқалары 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ресімделген жағдайда мемлекеттік кіріс органдарының төтенше жағдай режимі қолданылған кезеңдерде тексерулер және өзге де бақылау түрлерін жүргізу кезінде төтенше жағдай қолданылған кезеңде ресімделген бастапқы құжаттардың (сканерленген көшірмелердің) көшірмелерін қабылдауын болжайды.
Заң жобасын іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары А.П. Рау О. Н. Өксікбаев А. М. Жамалов Г.А. Щегельский
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі)» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының қабылдануына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жататын заң актілерінің тізбесі
1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі)».
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары А.П. Рау О. Н. Өксікбаев А. М. Жамалов Г.А. Щегельский
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
№ р/с |
Құрылымдық бөлігі |
Қолданыстағы редакциясы |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
24-бап |
24-бап. Екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар: ... 19) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша салық төлеушілер – тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға бойынша, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беруге міндетті. 20) Жоқ;
21) Жоқ;
|
19) тармақшадағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын: «20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті органның және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген банк шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес мәліметтерді және (немесе) құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.». |
Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 20-1430 тапсырмасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" ҚР Заңына енгізілетін түзетулермен үйлестіру мақсатында.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
425-бап |
425-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде: ... 1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, бейрезидент үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы; 1-1 )Жоқ; |
425-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде: ... 1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 1-1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, бейрезидент үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы;
1-1) осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша міндеттеме туындаған жылдан кейінгі жылдың екінші айының 25 күнінен кешіктірмей – есепті салықтық кезеңнің екінші және үшінші тоқсандары үшін бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы; |
2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді және 2021 жылғы 26 ақпанға дейін қолданылады.
Мәжбүрлі тоқтап тұру кезеңінде жолаушылар тасымалы қызметінің тоқтатылуына және жүк тасымалының кірістері едәуір азаюына байланысты қосылған құн салығы бойынша мерзімді кейінге қалдыру қажеттігі туындады, бұл «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ тобы кірісінің азаюына әсер етті. Сонымен қатар, олар қызметкерлер алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыруда. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
553-бап |
553-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері … 4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
… |
553-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері … 4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
… |
2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
Қазақстандық көлік компанияларының халықаралық көлік қызметтері нарығындағы үлесі 52 ден 38%-ға түсті (2017 ж. – 52,6%, 2019 ж. – 38%). Отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігіне жүк көлік құралдары паркінің әлсіз жаңаруы айтарлықтай әсер етеді.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
554-бап |
554-бап. Рұқсат құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері … 4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым) мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
... 8. Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат құжаттарын, келісім бергені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
|
554-бап. Рұқсат құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері … 4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым) мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
…
... 8. Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат құжаттарын, келісім бергені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
|
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
"Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" ҚР Заңының 4-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді. Осыған байланысты ҚР бейрезидент банктерінің, ҚР бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ҚР бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары ҚР қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті органның лицензиясын алуға міндетті. Лицензия берілгені үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі салық заңдарымен айқындалады.
2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 12-тармағы 33) тармақшасының екінші абзацына және 18-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қолданылады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
80-1-тарау 712-1-бап |
80-1 тарау. Жоқ
712-1 бап. Жоқ |
80-1-тарау. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде заңнама нормаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету 712-1-бап. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде заңнама нормаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес жасалатын Инвестициялар туралы келісім шеңберінде осы Кодекстің жекелеген нормаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету және көрсетілген Инвестициялар туралы келісімде айқындалған тәртіппен ерекше шарттар, талаптар мен нормалар беру жүзеге асырылады. |
2020 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен коронавирусқа қатысты жағдай және дағдарысқа қарсы шаралар мәселелері жөніндегі кеңес хаттамасының 2.15) тармағын және 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспардың 3-тармағын іске асыру мақсатында. Әрбір Кодексте және салалық заңда Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес жасалатын Инвестициялар туралы келісімге сілтеме жасауды көздеу ұсынылады. Оған сәйкес осы Келісімде көрсетілген шарттар, талаптар мен нормалар заңнамада көзделгеннен өзге болуы мүмкін және Инвестициялар туралы келісімге сәйкес орындалуы тиіс. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
33-бап. |
341-бап. Кірісті түзету 1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету): … 51) Жоқ
|
341-бап. Кірісті түзету 1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету): … 51) квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмайтын және телевизиялық бағдарламаларды жасау және трансляциялау жөніндегі қызметпен және (немесе) радио хабарларды таратумен және (немесе) газеттер шығарумен және (немесе) журналдар мен мерзімді жарияланымдар шығарумен айналысатын салық төлеуші қызметкерінің кірістері. |
2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қазанға дейін қолданылады. Коммерциялық теле-радиоарналардың мамандары медициналық қызметкерлер сияқты үлкен қауіп аймағында тұр, себебі БАҚ жедел режимде халыққа мемлекет жүргізіп отырған саясат пен елдегі жағдайды тұрақтандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы шынайы ақпаратты жеткізеді. Бұл шара жұмыс орындарының едәуір бөлігін сақтауға мүмкіндік береді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
57-5-бап |
57-5-бап. Жоқ. |
57-5-бап. Салық төлеуші-жеке тұлға 2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдарына салынатын салық бойынша түзілген бересі сомасын 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін төлеген жағдайда, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, осындай бересі сомасына оны төлеген күнге дейін есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін. Бұл ретте өсімпұл бюджетке салықтың бересі төленген түрі бойынша есептен шығарылады. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын адамдарға, осындай тұлғалардың салықтық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асыруға байланысты емес жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды. |
2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. 2019 жылғы 31 желтоқсанда жеке тұлғалар негізгі борыш сомасын төлеген жағдайда, олардың өсімпұлын есептен шығару бойынша салықтық амнистия аяқталды. Сонымен қатар, берешегі бар азаматтардың барлығы бірдей акция кеш басталғандықтан, салықтық амнистияны пайдалана алмады – амнистия тек 4 ай өтті (2019 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін). Осыған байланысты, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметіне салықтық амнистия жүргізу жөніндегі іс-шараларды белгіленген тәртіппен қабылдау туралы тапсырма берді (2020 жылғы 6 сәуірдегі № 5951-5-ПАБ). Амнистияға 1,243 мың азамат қатысады. 12,7 млрд.теңге сомасына негізгі борышты өтеген кезде есептен шығарылған өсімпұл сомасы 4,3 млрд. теңгені құрайды. Қатысқан азаматтарға салықтық амнистия есептелген санкциялардан құтылуға мүмкіндік береді, бұл өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттырады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
57-6-бап. |
57-6-бап. Жоқ
|
57-6-бап. 2020 жылғы 1 маусымнан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге: 1) Салық кодексінің 434-бабының мақсаттары үшін оңайлатылған тәртіппен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару мөлшері 2020 жылғы бірінші, екінші және үшінші тоқсан кезеңінде Ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілер тізбесіне Салық кодексінің 130-бабының 3-тармағына сәйкес енгізілген тау-кен өндіруші (көмірсутегін өндіруді жүзеге асыратындарды қоспағанда), тау-кен металлургия және металлургия кәсіпорындары үшін 80 пайызға дейін құрайды; 2) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің 2020 жылға іс жүзінде есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын есептелген аванстық төлемдер сомасынан 33%-дан аспайтын мөлшерде асыруға құқығы бар; 3) ұшақтарға қосалқы бөлшектердің импорты (қозғалтқыштар, күш қондырғылары, жылу алмастырғыштар, радиобиіктік өлшегіштер, радарлар, датчиктер, қаптамалар) қосылған құн салығынан босатылады; 4) әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын салық төлеушілер роялти, техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту, ақпарат ұсыну және өңдеу, интернет-ресурсқа қолжетімділік беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша бейрезидент үшін қосылған құн салығынан босатылады; 5) әуеайлақтарда ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне «0» коэффициент қолданылады деп белгіленсін. |
Ұсыныс қосылған құн салығын автоматты түрде қайтару мөлшерін ұлғайту арқылы кәсіпорындардың айналымдағы қаражатын толықтыруға бағытталған. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
57-7-бап |
57-7-бап. Жоқ |
57-7-бап. Мыналар: 1) Салық кодексінің 666-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 7-тармағын, сондай-ақ Салық кодексінің 667-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын, 3-тармағын қолдану мақсаттары үшін: 2019 жылға бейрезиденттердің резиденттігі сертификаттарын заңдастыруды (апостилдеуді) қоса алғанда, ресімдеу 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады; салық агентінің 2019 жылға бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмелерін өзі тұрған жердегі салық органына ұсыну мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға ауыстырылады; 2) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігінде төтенше жағдай қолданылған кезеңде салық төлеушілер бастапқы құжаттардың көшірмелері (сканерленген көшірмелер) негізінде салықтық есепке алуды жүргізуге құқылы, бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігінде төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған айдан кейінгі жеті ай ішінде түпнұсқа бастапқы құжаттар ресімделуі шарт. Бұған қоса Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігінде төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған айдан кейінгі жеті айлық кезең аяқталғанға дейін мұндай бастапқы құжаттардың көшірмелері төтенше жағдай қолданылған салықтық кезеңдерде тексерулер және бақылаудың өзге де әдістерін жүргізу кезінде түпнұсқалар ретінде танылады; 3) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігінде төтенше жағдай қолданылған кезеңде бастапқы құжаттардың көшірмелері (сканерленген көшірмелер) есептік құжаттама ретінде танылады, бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлігінде төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған айдан кейінгі жеті ай ішінде бастапқы құжаттардың түпнұсқалары ресімделуі шарт. |
Салықтық әкімшілендіруді оңайлату мақсатында кейіннен жылдың соңына дейін түпнұсқаларды ұсына отырып, бухгалтерлік және салықтық есепке алу мақсаттары үшін төтенше жағдай режимі кезеңінде қалыптастырылған бастапқы құжаттардың сканерленген көшірмелерінің заңдылығын тану, сондай-ақ салық агенттерінің резиденттік сертификаттарын ресімдеу және салық органдарына ұсыну мерзімдерін 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту ұсынылады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары А.П. Рау О. Н. Өксікбаев А. М. Жамалов Г.А. Щегельский

