Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2023
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 241-қа бұйрығы
Осы Бұйрық 2023 жылғы 23 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 30.12.2022 жылғы № 663-қа Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығының 7-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 18-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2035 әскери бөлім командирі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнамалық және құқықтық ақпараттар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын;
4) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2035 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесіне қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлғалардың Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алынып тасталуын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2038 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 080940016022;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2093 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 080840005668.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы бұйрықпен Шекара қызметінің мүдделі тұлғаларының тиісті бөлігі таныстырылсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Д. Ділманов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының орынбасары –
Шекара қызметі директорының
2020 жылғы 10 сәуірдегі
№ 241-қа бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының күші жойылды деп танылуға тиіс кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2038 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 587-қа бұйрығы.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2093 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 592-қа бұйрығы.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2035 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 589-қа бұйрығы.
Полная версия
ИС BestProfi