1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 29 тамызда № 7837 тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 22 желтоқсан № 842-846 (27917) жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау;»; мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Кәсіпорындар (ұйымдар) базасында дуальді оқыту кезінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуге байланысты техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау жөніндегі қызметтерді сатып алу.».
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы _____ __________ № ____ бұйрық жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
|
№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме түзетулер енгізу қажеттілігі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
2-тармақ |
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау |
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау |
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 1-баптың 9-2)-тармақшасына сәйкестендіру
|
|
2 |
8-тармақ
|
жоқ |
8. Кәсіпорындар (ұйымдар) базасында дуальді оқыту кезінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуге байланысты техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау жөніндегі қызметтерді сатып алу. |
Дуалды оқыту шеңберінде кәсіпорындар базасында өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезінде кәсіпорындардың шығындарын өтеу жоспарлануда. Білім беру ұйымдары осы елді мекенде нақты кәсіпорындармен дуалды оқыту туралы шарттар жасасады, олардың базасында студенттер өндірістік оқудан және кәсіптік тәжірибеден өтеді. Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметтер тендерлік негізде жүргізіледі. Тендерді өткізу және кәсіпорынның (ұйымның) аумақтық орналасуын есепке алу кезінде жосықсыз және қажетсіз қызмет көрсетушілерді болдырмау үшін дуальді оқытуға қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға бір көзден қызмет көрсетуді қарастыру ұсынылады. |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш. Каринова

