«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 54-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 241-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосымша бюджет қаражатын бөлу немесе бюджеттік бағдарлама бойынша үнемдеу жағдайларын қоспағанда, конкурс есепті жыл басталудан кешіктірілмей жылына 1 рет өткізіледі.
Қосымша бюджет қаражатын бөлу немесе бюджеттік бағдарлама бойынша үнемдеу жағдайда екінші конкурс жүргізіледі.
Екінші конкурс азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен анықталған авиамаршруттар бойынша жүргізіледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурс өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күн бұрын, конкурсты қайталап өткізу жағдайында – қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.
Конкурс өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 5 күн бұрын, конкурсты қайталап өткізу жағдайында – қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 3 күн бұрын конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін қарауға қабылданған конкурстық ұсыныстарды бағалайды және салыстырады және конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жиіліктердің неғұрлым көп санын ұсынған конкурс жеңімпазын айқындайды. Егер конкурсқа қатысушылар ұсынған жиіліктер саны тең болған кезде, онда маршрутта тасымалдау сыйымдылығының жоғарғы санын ұсынған қатысушыға басымдық беріледі. Тасымалдау сыйымдылығының тең мөлшері кезінде басымдық өтінім білдірілген әуе кемелерін шығарудың неғұрлым кеш орта мерзімі бар авиакомпанияларға беріледі.
Әрбір субсидияланатын авиамаршрут бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады.
Екінші конкурс жүргізілген жағдайда, әрбір субсидияланатын авиамаршрут бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеңімпаз тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісімен Шарт жасасудан бас тартқан кезде, комиссия тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қолдаухаты бойынша конкурсқа қатысқан, конкурстық ұсынысы конкурс жеңімпазынан (жеңімпаздарынан) кейін неғұрлым үздік болып бағаланған авиакомпаниямен Шарт жасасу туралы келіссөздер бастайды.
Конкурсқа қатысқан, конкурстық ұсыныстары конкурс жеңімпазынан кейін неғұрлым үздік болып бағаланған авиакомпания тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісімен Шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ егер авиамаршрутқа конкурсқа қатысушылардың екіден кем өтінімі ұсынылса, онда аталған авиамаршрут бойынша конкурс өтпеді деп танылады.
Екінші конкурс жүргізілген жағдайда және конкурсқа қатысатын жалғыз қатысушы осы Қағидалармен бекітілген біліктілік талаптарға сай келген жағдайда, аталған конкурс өтті деп саналады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негізі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 54-1) тармақшасына сәйкес.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
5. Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі
Қосымша бюджет қаражатын бөлу немесе бюджеттік бағдарлама бойынша үнемдеу жағдайларында екінші конкурс өткізу.
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
Жоқ.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
Талап етілмейді.
8. Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)
Талап етілмейді.
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mіd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
11. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады
Талап етілмейді.
12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Талап етілмейді
13. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері
Талап етілмейді.
14. Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов
«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулы жобасына Салыстырмалы кесте
|
№ |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
|
15-тармақ |
Конкурс есепті жыл басталудан кешіктірілмей жылына 1 рет өткізіледі. |
Қосымша бюджет қаражатын бөлу немесе бюджеттік бағдарлама бойынша үнемдеу жағдайларын қоспағанда, конкурс есепті жыл басталудан кешіктірілмей жылына 1 рет өткізіледі. Қосымша бюджет қаражатын бөлу немесе бюджеттік бағдарлама бойынша үнемдеу жағдайда екінші конкурс жүргізіледі. Екінші конкурс азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен анықталған авиамаршруттар бойынша жүргізіледі. |
Көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін |
|
16-тармақ |
Конкурс өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күн бұрын, конкурсты қайталап өткізу жағдайында – қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады. |
Конкурс өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күн бұрын, конкурсты қайталап өткізу жағдайында – қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады. Конкурс өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 5 күн бұрын, конкурсты қайталап өткізу жағдайында – қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 3 күн бұрын конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады. |
Көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін |
|
31-тармақ |
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін қарауға қабылданған конкурстық ұсыныстарды бағалайды және салыстырады және конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жиіліктердің неғұрлым көп санын ұсынған конкурс жеңімпазын айқындайды. Егер конкурсқа қатысушылар ұсынған жиіліктер саны тең болған кезде, онда маршрутта тасымалдау сыйымдылығының жоғарғы санын ұсынған қатысушыға басымдық беріледі. Тасымалдау сыйымдылығының тең мөлшері кезінде басымдық өтінім білдірілген әуе кемелерін шығарудың неғұрлым кеш орта мерзімі бар авиакомпанияларға беріледі. Әрбір субсидияланатын авиамаршрут бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады. |
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін қарауға қабылданған конкурстық ұсыныстарды бағалайды және салыстырады және конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жиіліктердің неғұрлым көп санын ұсынған конкурс жеңімпазын айқындайды. Егер конкурсқа қатысушылар ұсынған жиіліктер саны тең болған кезде, онда маршрутта тасымалдау сыйымдылығының жоғарғы санын ұсынған қатысушыға басымдық беріледі. Тасымалдау сыйымдылығының тең мөлшері кезінде басымдық өтінім білдірілген әуе кемелерін шығарудың неғұрлым кеш орта мерзімі бар авиакомпанияларға беріледі. Әрбір субсидияланатын авиамаршрут бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады. Екінші конкурс жүргізілген жағдайда, әрбір субсидияланатын авиамаршрут бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады.
|
Көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін |
|
37-тармақ |
Жеңімпаз тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісімен Шарт жасасудан бас тартқан кезде, комиссия тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қолдаухаты бойынша конкурсқа қатысқан, конкурстық ұсынысы конкурс жеңімпазынан (жеңімпаздарынан) кейін неғұрлым үздік болып бағаланған авиакомпаниямен Шарт жасасу туралы келіссөздер бастайды. Конкурсқа қатысқан, конкурстық ұсыныстары конкурс жеңімпазынан кейін неғұрлым үздік болып бағаланған авиакомпания тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісімен Шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ егер авиамаршрутқа конкурсқа қатысушылардың екіден кем өтінімі ұсынылса, онда аталған авиамаршрут бойынша конкурс өтпеді деп танылады. |
Жеңімпаз тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісімен Шарт жасасудан бас тартқан кезде, комиссия тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қолдаухаты бойынша конкурсқа қатысқан, конкурстық ұсынысы конкурс жеңімпазынан (жеңімпаздарынан) кейін неғұрлым үздік болып бағаланған авиакомпаниямен Шарт жасасу туралы келіссөздер бастайды. Конкурсқа қатысқан, конкурстық ұсыныстары конкурс жеңімпазынан кейін неғұрлым үздік болып бағаланған авиакомпания тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісімен Шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ егер авиамаршрутқа конкурсқа қатысушылардың екіден кем өтінімі ұсынылса, онда аталған авиамаршрут бойынша конкурс өтпеді деп танылады. Екінші конкурс жүргізілген жағдайда және конкурсқа қатысатын жалғыз қатысушы осы Қағидалармен бекітілген біліктілік талаптарға сай келген жағдайда, аталған конкурс өтті деп саналады. |
Көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін |

