Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Түркістан облысы әкімдігіне 2020 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын айқындау туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Түркістан облысы әкімдігіне 2020 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 19 және 180-баптарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Түркістан облысының әкімдігіне 2020 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік кредит беру үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңге мөлшерінде қаражат бөлінсін.
2. Түркістан облысының әкімдігіне кредит берудің мынадай шарттары белгіленсін:
1) бюджеттік кредит берудің мақсаты сенім білдірілген агент – «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – сенім білдірілген агент) – облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің соңғы қарыз алушылары арқылы 2020 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кейіннен кредит беру болып табылады;
2) кредит мерзімі соңында негізгі борышты және сыйақыны төлей отырып, жылдық 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызына тең сыйақы ставкасы бойынша 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімге мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен бюджеттік кредит теңгеде беріледі;
3) кредитті игеру кезеңі сенім білдірілген агенттің шотына қаражат аударылған күннен басталады.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктері Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Бюджеттік кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.
5. Түркістан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Түркістан облысы әкімдігіне 2020 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Түркістан облысы әкімдігіне 2020 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - жоба) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 19 және 180-баптарына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес әзірленді.
Жобаны іске асыру Түркістан облысының әкімдігіне бюджеттік кредит беру үшін шұғыл шығындарға 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңге мөлшерінде қосымша қаржылық шығындарды талап етеді.
Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау болып табылады.
Қаулы жобасында қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер – жоқ.
Қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі талап етілмейді.
Жоба халықаралық шарт болып табылмайды.
Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы №25-1-32ҚБП/22П-ҚБПҮ бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтымағандықтан, жобаны және оған материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беруге рұқсат етіледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.moa.gov.kz, сондай-ақ 2020 жылғы 1 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде 93,7 кбайт).
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
Полная версия
ИС BestProfi