Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 тамыздағы № 511 «Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасын бекіту туралы қаулысы күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының сауданы дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
|
Атауы |
Қазақстан Республикасының сауданы дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
|
Әзірлеу үшін негіз |
« Nur Otan » партия сы Саяси кеңесінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 001 хаттамасы, 7-тармақ; Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 20-01-7.2 хаттамасы , 3.4-тармақ; Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2020 жылғы 2 наурыз дағы № 6 хаттамасы , 2.2-тармақ |
|
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
|
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері
|
|
Мақсаты |
Нарықты сапалы өніммен толықтыруды және экспорттық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы сауда жүйесін құру және дамыту |
|
Міндеттері |
1. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру; 2. Сауда саласында сапалы адами капиталды қалыптастыру; 3. Оңтайландырылған цифрлық сауда процесін қамтамасыз ету; 4. Көп форматты сауда-тарату инфрақұрылымын құру; 5. Қолайлы тұтыну ортасын қалыптастыру; 6. Шикізаттық емес тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің импорты мен экспортын сапалы әртараптандыру; 7. Ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау. |
|
Іске асыру мерзімі |
2021 – 2025 жылдар |
|
Нысаналы индикаторлар |
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2025 жылы мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады*: 1. Өткен жылға қарағанда сауда ның ЖҚҚ -сының нақты өсуі 106,2%; 2. Көлеңкелі сауда үлесін1 31%-ға төмендету ; 3. Саудадағы жұмыспен қамтылғандар санының 143,1 мың адамға өсуі ; 4. Шикізаттық емес тауарлар бойынша сауда сальдосы (экспорт-импорт) – 1,3 млрд. АҚШ доллары; 5. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шикізаттық емес экспортын 41 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту; 6. Өңделген өнімнің тұтынушылық импортын 16 млрд. АҚШ долларына дейін төмендету; 7. Электрондық сауданың бөлшек тауар айналымындағы үлесінің 10 %-ға өсуі; 8. Ұлттық стандарттарды қолдану деңгейі (қолданыстағы ұлттық стандарттардың жалпы санынан) – 75%-ға дейін. |
|
Қаржыландыру көздері мен көлемдері |
2021-2025 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен талап етілетін жалпы шығыстар ……** құрайды , оның ішінде : 2021 жыл – 2022 жыл – 2023 жыл – 2024 жыл – 2025 жыл – |
* нысаналы индикаторларды орындау тиісті қаржы жылдарына арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлеміне байланысты болады;
** сомалар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетке сәйкес нақтыланатын болады
2. Кіріспе
Екі индустриялық бесжылдықты іске асыру қорытындысы бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың оң серпіні қалыптасты. Өндіріс көлемі 2,7 есеге артып, 70 трлн. теңге сомасына отандық өнім өндірілді. Өндіріс құрылымында металлургия саласының, тамақ өнімдерінің, машина жасау, химия өнеркәсібінің тауарлары басым.
2020 жылдан бастап индустрияландырудың жаңа бесжылдығын іске асыру басталды, онда басты назар өндіріс көлемін ұлғайтуға және ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлар номенклатурасын кеңейтуге бағдарланған өңдеуші сектордың тиімді кәсіпорындарына бағытталған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнімдерінің өндірісін дамыту көзделген.

