«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 мамырда № 20784 болып тіркелді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік қызмет осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) спортшылар мен жаттықтырушыларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 01.07.2025 жылғы № 116 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын ұсына отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 01.07.2025 жылғы № 116 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)