Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20771 болып тіркелді
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 13.05.2026 жылғы № 443 Бұйрығына сәйкес (23.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 29.07.2021 жылғы № 657 Бұйрығымен (05.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.03.2022 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері Жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу
жөнінде мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 66 бұйрығымен бекітілген
Бұйрыққа 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 жылғы № 430 Бұйрығымен (29.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Әділет министрінің 29.07.2021 жылғы № 657 Бұйрығымен (05.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Әділет министрінің 12.10.2021 жылғы № 884 Бұйрығымен (29.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.11.2021 жылдан бастап)
1-қосымша өзгертілді ҚР Әділет министрінің 30.03.2022 жылғы № 258 Бұйрығымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 жылғы № 780 Бұйрығымен (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.09.2022 жылғы № 821 Бұйрығына сәйкес (15.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)