1. «Гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылысжайларына паспорттауды жүргізу қағидаларын және паспорт нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 326 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5714 тіркелген) өзгерістер енгізу туралы:
«Гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылысжайларына паспорттауды жүргізу қағидаларын және паспорттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 326 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылысжайларына паспорттауды жүргізу қағидаларын және паспорттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 326 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылысжайларын паспорттауды жүргізу қағидасында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Паспорттың бір данасы су шаруашылығы ұйымында, екінші данасы – уәкілетті органда немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарында сақталады.)»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылысжайлары паспортының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Мырзағалиев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Полная версия

