Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы ____________ № ____ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат).
2. «Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіліміндегі № 11745 акті).
3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 қарашадағы № 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 460-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1370 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 631-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы және № 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 599-құжат).
8. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қыркүйектегі № 842 қбпү қаулысы.
9. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1301 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат).
10. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 363 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29, 235-құжат).
11. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1198 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 637-құжат).
12. «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 8-9-10, 39-құжат).
13. «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 909 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 69, 466-құжат).
14. «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 260 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 18, 129-құжат).
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына түсіндірме жазба
1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі регламентінің 76-тармағына сәйкес.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатын талап етпейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.
5. Нақты мақсаттар және күтілетін нәтижелердің мерзімдері
Жобаны қабылдау «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы № 237-VІ Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
Жоқ.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
Талап етілмейді.
8. Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат
Халықаралық шарт болып табылмайды.
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
Жоба Қазақстан Республикасы Іші істер министрлігінің интернет-ресурсында, сондай – ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына www.egov.kz 2020 жылғы 20 мамырда орналастырылған.
Көпшілік талқылауы нәтижелері бойынша жобаға ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ.
11. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады
Талап етілмейді.
12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Сәйкес келеді.
13. Үкімет актісін енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайту және (немесе) ұлғайтуды растайтын есептердің нәтижелері
Талап етілмейді.
14. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысымен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен келіспеу себептерін негіздеу
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев
Полная версия

