Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылықлық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес және бухгалтерлік есеп жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы «__» __________
№ ___ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілердің № 11 жинағында 2011 жылғы 7 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:  
8-тармақта 2200 шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«2200

Клиенттер және басқа да кредиторлар алдындағы міндеттемелер»;

Полная версия
ИС BestProfi