2019 жылғы 15 қарашадағы шығыс № 22-2/726-И хатқа
«Бизнеске, атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 27 қарашадағы № 14438/16 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнеске, атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын қарап, ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған жобаны қосымшаға сәйкес жолдайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 66-бабы 3-тармағына сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, келіспеу себептерін негіздей отырып жауап жолдауды сұраймыз.
Қосымша 12 парақта.
Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Р. Жүрсінов
Полная версия

