Близость слов: Окончание:





«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысына (ҚР ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 66-67, 395-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы «___»_____________
№ ______ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 806 қаулысымен бекітілген
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары
1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі (бұдан әрі-талдау объектісі) – қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға жататын арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар және (немесе) олардың ведомстволары, мемлекеттік ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.
3. Осы Қағидалар мынадай салалардағы қатынастарға қолданылмайды:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;
Полная версия
ИС BestProfi