Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.  
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2020 жылғы «___» ___________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2020 жылғы «___» ___________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2020 жылғы «___» ________
№ _____ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:  
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерде және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:  
«5) өз қызметін 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырған және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарғылық капиталды көрсетілген мерзімге дейін мүлкімен толтырған ломбардтарға жарғылық капиталдың есебіне мүлікке, оның ішінде ақшамен енгізілген капитал сомасын енгізуге жол беріледі.».
2. «Ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 226 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19709 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:  
көрсетілген қаулымен бекітілген Ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларында:  
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:  
«Егер ломбардтың қызметі микрокредиттерді жылжымалы мүлік кепілімен берумен ғана байланысты болған жағдайда, бұл ретте кепіл мүлкі кепіл берушінің иелігінде және пайдалануында қалса, заттарды сақтауға арналған орынның болуы талап етілмейді.»;
8-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сауда, ойын-сауық кешендерінде және күзет пен күзет сигнализациясы қондырғысын қоса алғанда, ғимаратқа заңсыз кірудің алдын алуға арналған қорғау жүйесі бар өзге ғимараттарда орналасқан ломбардтың заттарын сақтауға арналған орынды осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, ломбардтың ішкі құжаттарына сәйкес жайластыруға жол беріледі.».  
3. «Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20163 болып тіркелген, 2020 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:  
көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларында:  
«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу жіне дамыту агенттігім Басқармасының қаулы жобасына салыстырмалы кестесі

№ р/с

Құрылымдық элемент

Қазіргі басылым

Ұсынылған басылым

Негіздеу

1

2

3

4

5

«Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысы

1

3 тармақтың жаңа 5 тармақшасы

3. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

...

Жоқ

3. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

...

5) өз қызметін 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырған және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарғылық капиталды көрсетілген мерзімге дейін мүлкімен толтырған ломбардтарға жарғылық капиталдың есебіне мүлікке, оның ішінде ақшамен енгізілген капитал сомасын енгізуге жол беріледі.

Жарғылық капиталды талап етілетін мөлшерге дейін тек ақшамен толықтыру мүмкіндігі жоқ ұсақ ломбардтарға жүктемені төмендету мақсатында.

«Ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралый» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 226 қаулысы

2

8 тармақ

8. Ломбардтың үй-жайы операциялық кассадан, заттарды сақтауға арналған орыннан (құлыпқа жабылатын есігі бар оқшауланған үй-жайдан) және клиенттерге қызмет көрсету аймағынан тұрады.

Жоқ

8. Ломбардтың үй-жайы операциялық кассадан, заттарды сақтауға арналған орыннан (құлыпқа жабылатын есігі бар оқшауланған үй-жайдан) және клиенттерге қызмет көрсету аймағынан тұрады.

Егер ломбардтың қызметі микрокредиттерді жылжымалы мүлік кепілімен берумен ғана байланысты болған жағдайда, бұл ретте кепіл мүлкі кепіл берушінің иелігінде және пайдалануында қалса, заттарды сақтауға арналған орынның болуы талап етілмейді..

Нақтылау редакциясы

 

 

3

8-1 тармақ

8-1. Заттарды сақтауға арналған орынның құрылғысы мыналарға сәйкес болуға тиіс:

1) кірпіштен немесе беріктігі жағынан кірпіштен кем емес қабырғалар;

2) қоймаға енуден қорғауды қамтамасыз ететін брондалған немесе металл кіретін есік;

3) терезедегі металл торлар (олар бар болса);

4) өрт сигнализациясының болуы.

Заттарды сақтауға арналған орын операциялық кассада немесе жеке үй-жайда орналасады.

Жоқ

 

 

8-1. Заттарды сақтауға арналған орынның құрылғысы мыналарға сәйкес болуға тиіс:

1) кірпіштен немесе беріктігі жағынан кірпіштен кем емес қабырғалар;

2) қоймаға енуден қорғауды қамтамасыз ететін брондалған немесе металл кіретін есік;

3) терезедегі металл торлар (олар бар болса);

4) өрт сигнализациясының болуы.

Заттарды сақтауға арналған орын операциялық кассада немесе жеке үй-жайда орналасады.

Сауда, ойын-сауық кешендерінде және қарулы күзеті бар өзге ғимараттарда орналасқан ломбардтың заттарын сақтауға арналған орынды осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, ломбардтың ішкі құжаттарына сәйкес жайластыруға жол беріледі.

Редакциялық түзету.

Үшінші тұлғалардың үй-жайларында орналасқан ломбард сақтау орнын орнатуға қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мүмкін еместігіне байланысты (мысалы, сауда орталықтары мен т.б. жалдау шартымен).

 

«Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 21 қаулысы.

4

3 тармақ

3. Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттар:

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында мемлекеттік тіркеуден өткен ломбардтар үшін - 2020 жылғы 1 маусымға дейін;

басқа елді мекендерде мемлекеттік тіркеуден өткен ломбардтар үшін - 2020 жылғы 15 маусымға дейін ұсынылады.

Алып тасталсын.

Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты есептік тіркеудің соңғы мерзімінен (2020 жылдың 1 шілдесінен) бұрын ломбардтарға құжаттарды беруді алып тастау ұсынылады.

Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігінң төрағасы М. Әбілқасымова
Полная версия
ИС BestProfi