Близость слов: Окончание:





«2020-2021 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 7817/22 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«2020-2021 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын қарап, ұсыныстар мен ескертулер жоқ екендігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жұмысқа орналасу көрсеткішінің өту шегі – 50%.
Сондай ақ  жұмысқа орналасу көрсеткіші 40%-дан кем емес тірек өңірлік жоғары оқу орындарына әлеуметтік маңызы бар мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуге қарсы емеспіз.
Басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев  
Полная версия
ИС BestProfi