Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211-II Заңы
ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес бүкіл мәтін бойынша «(гид-аудармашы)», «(гид-аудармашылардың)», «(гид-аудармашылар)», «(аудармашы гидті)», «(аудармашы гидтердің)», «(гид-аудармашымен)» деген сөздер алынып тасталды (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы № 59-IV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) гид – Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, туристерге ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 22.12.2016 жылғы № 28-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2016 жылы № 249 (28977) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.11.2015 жылғы № 406-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап) 2-2-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 2-3-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) келу туризмі саласындағы туристік операторлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын туристерге, оның ішінде туристік агенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
1-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2) сақтандыру сертификаты – сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген құжат;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
5) туризм – туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) туризм инфрақұрылымы – туризм саласының жұмыс істеуіне және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұйымдар жиынтығы, өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық мақсаттағы құрылысжайлар мен желілер кешені;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) туризм нұсқаушысы – тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, кәсіптік даярланған жеке тұлға;
6-тармақша өзгертілді ҚР 15.07.2008 жылғы № 461-IV Заңымен (05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз) 6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
Полная версия