Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20955 болып тіркелді
Осы Бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.02.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 31.07.2024 жылғы № 500 Бұйрығымен (05.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.02.2026 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
9) сы бұйрыққа  9-қосымшаға сәйкес «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
13)осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
Полная версия
ИС BestProfi