Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 116-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 1 шiлдедегi № 647 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 шiлдеде № 20915 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 7126 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 маусымдағы № 292-297 (27371) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 23, 45, 46, 50, 54, 55 және 56-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 , 13, 14 және 15-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
58, 60, 61, 64, 71, 76, 87, 94, 97, 101 және 104-қосымшалары осы бұйрыққа 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
125, 126, 127, 128 және 129-қосымшалары осы бұйрыққа 27, 28, 29, 30 және 31-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. Р. Бекетаев
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрдің м.а. 2020 жылғы 1 шілдесі № 647 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына 1-қосымша
№ НҚ-1 нысаны
______________________________________________________________ Мемлекеттік мекеменің атауы (орталықтандырылған бухгалтерия)
|
Бекітемін: Тапсырушы тараптың мемлекеттік мекеменің басшысы _____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________ жылы «____» __________ Мөр орны |
Бекітемін: Қабылдаушы тараптың мемлекеттік мекеменің басшысы _____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________ жылы «____» __________ Мөр орны |
Негізгі құралдар және аяқталмаған құрылыс пен инвестициялық жылыжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру (өткізу) актісі
Полная версия

