БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 шiлдедегi № 684 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 шiлдеде № 21019 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:
«1-тарау. Жалпы ереже»;
«2-тарау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі»;
«12. Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері лауазымына басшы тағайындайды және босатады және мемлекеттік мекеменің басшысына, соңғысы болмаған кезде тиісті бұйрықпен міндеттерін орындау жүктелген тұлғаға тікелей бағынады.»;
«13. Бас бухгалтер мемлекеттік мекеме басшысымен немесе ол уәкілеттік берген тұлғамен бірлесіп банк құжаттарына және материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын қабылдау мен беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржы міндеттемелеріне қол қояды. Мемлекеттік мекеменің басшысы бас бухгалтердің ұсынымы бойынша банк құжаттары мен бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығын уәкілетті тұлғаларға береді. Осы өкілеттіктер мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары негізінде беріледі. Бас бухгалтердің немесе оны алмастыратын тұлғаның қолтаңбасыз құжаттар жарамсыз болып есептеледі және орындалуға қабылданбайды.»;
«Мемлекеттік мекеменің есебі мен есептілігінің жағдайын тексеруді аяқтау бойынша жасалған қабылдап алу-беру актісіне істерге қабылдаушы мен тапсырушы қол қояды және мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның уәкілеттік берген тұлға бекітеді. Қабылдап алу-беру актісінің қандай-да бір ережелерімен қабылдаушы келіспеген жағдайда, ол оған қол қойғанда тиісті дәлелденген ескертулерді көрсетуге етуі тиіс. Қабылдап алу-беру актісі екі данада жасалады, оның біреуі істі тапсырушы тұлғада қалады.»;
«Мемлекеттiк мекемелер электрондық тасымалдағыштарда бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiн жасау кезiнде осындай құжаттарды қажет болған кезде қағаз тасығыштарда басып шығарады.»;
«19. Есепке алу тіркелімдерінде жазбалар үшін негіз болып қызмет ететін құжаттар бухгалтерлік қызметке беріледі.»;
«20. Бухгалтерлік қызметке түскен алғашқы құжаттар нысан бойынша да (алғашқы құжаттарды рәсімдеудің толықтығы мен дұрыстығы, деректемелердің толтырылуы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жекелеген көрсеткіштердің қисынды үйлесімі) тексеруге жатады.
Полная версия

