Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № 694 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 тамызда № 21052 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 116-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларында:
«2-тарау. Түгендеу жүргізу мерзімдері»;
«4. Мемлекеттік мекемелер түгендеуді мынадай мерзімдерде:
1) машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді – жылына кемінде бір рет 1 қазаннан кейін;
2) ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) – жылына кемінде бір рет 1 қазаннан кейін;
3) кітапхана қорларын – бес жылда бір рет, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген мерзімдерде;
4) жұмыс істейтін және өнім беретін малдарды, малдың төлдерін және бордақыдаға малдарды, құстарды, үй қояндарын, терісі бағалы аңдарды, омарталарды, сондай-ақ тәжірибелік жануарларды – тоқсанына кемінде бір рет;
5) аяқталмаған құрылыс – жылына кемінде бір рет, бірақ 1 желтоқсаннан кейін;
6) оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдарды, шаруашылық материалдарын және кеңсе мүліктерін, дәрі-дәрмектер мен байлап-таңу заттарын, отынды, жанар және жағар материалдарын, мал азығы мен жемдерін, ыдыстарды, жолүсті материалдарын, машиналарға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды, өзге де материалдарды, арнайы киімді және өзге де жеке пайдаланатын заттарды - бір жылына кемінде бір рет, бірақ 1 қазаннан кейін;
7) тамақ және спирт өнімдерін – тоқсанына кемінде бір рет;
8) өндірістік (оқу) шеберханаларындағы және қосалқы (оқу) шаруа қожалықтарындағы аяқталмаған өндірісті және өзіндік жартылай фабрикаттарды, ұйымдармен шарттар бойынша орындалатын аяқталмаған ғылыми зерттеу жұмыстарын - есепті жылдың 1 қазанынан кейін, және бұдан басқа, кезең-кезеңмен тиісінше бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілейтін мерзімде;
9) қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды – 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша жылына екі рет;
10) ақшаны, ақша құжаттарын, құндылықтар мен қатаң есептегі бланктерді – мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес;
Полная версия
ИС BestProfi