Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 540 қаулысы
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 540 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 268-құжат).
2. «Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 217 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 187-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 59-60, 385-құжат).
Полная версия