Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысы
Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 501 Қаулысына сәйкес (13.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.04.2022 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (29.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы 2023 жылғы 9 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.11.2023 жылғы № 1041 Қаулысына сәйкес
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына, 32-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 501 Қаулысына сәйкес (13.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары бекітілсін.
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 501 Қаулысына сәйкес (13.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесі айқындалсын.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 501 Қаулысымен (13.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.09.2020 жылғы № 590 Қаулысына сәйкес (11.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.04.2022 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (29.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.04.2022 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (29.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
1) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер;
4) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;